Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Коронавирусқа қарсы вакцинация: Арнайы топ түсіндірме жұмыстарын бастады

Коронавирусқа қарсы вакцина туралы халық арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 26 мамырда Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың тапсырмасы бойынша, мобильді ақпараттық топ С. Мұқашев атындағы колледж педагогтары мен студенттері арасында кездесу өткізді.
Вакцина туралы түсіндірме жасаған топ құрамында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев, өңірдің бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мәдениет Танауов, сондай-ақ білім беру басқармасының басшысы Сәтқан Есенғалиев бар.

Жиналғандарға коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның маңыздылығы, вакцинация алудың шарттары мен ережелері, сондай-ақ, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру қажеттілігі айтылды. Спикерлер кездесуге қатысушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, бүгінде өңірде коронавирусқа қарсы екпемен 50 мыңнан астам адам егілді, вакцинаның толық кешенін 20 мыңнан астам адам алды.

1 ақпаннан 26 мамырға дейінгі аралықта біздің облысқа 74 200 доза вакцина жеткізілді. Ағымдағы айдың соңына дейін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының арқасында тең жартысы игерілді. Халыққа түсіндірме жұмысы өте қажет, өйткені тұрғындар вакцинация туралы барлық қажетті ақпаратты тиісті басқарма бсшыларының өздерінен естігісі келеді. Біз де тұрғындардың пікірін білеміз, — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Байдуәлиев.

Айта кетейік, өңірде барлығы 41 екпе пункті жұмыс істейді. Облыс тұрғындарына шаққанда, жалпы вакцина алатындар саны 230 мың адамды құрайды.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button