Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Коронавируспен күресте Қазақстанға Қытай көмектесіп жатыр

Atr.kz/10 сәуір, 2020 жыл. Қазақстан астанасына Қытайдан 10 дәрігер келді.

Қауіпті инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуде мол тәжірибесі бар дәрігерлер қатарында пульмонологтар, реаниматологтар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар.

«Медицина саласының мамандары Қазақстанға COVID-19 вирусымен күресте жәрдемдеседі.

Сонымен қатар, ҚХР шамамен 5,5 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Олардың ішінде жеке қорғану құралдары, дәрілік препараттар бар» деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

Еске сала кетсек, Қытайда індет басталып жатқан кезде Қазақстан вирус ошағына маскалар түрінде гуманитарлық көмек көрсеткен еді.

Қытайлық дәрігерлер 15 күн жұмыс істейтін болады, оның толық бағдарламасы да жасалды. Бағдарлама барысында пациенттерді емдеу, диагноз қою мәселелерін талқылау, сондай-ақ жалпы қоғамдық денсаулық сақтау мәселелерін қарау көзделген.

Дүниежүзінде қатерлі індетті жұқтырғандар саны 1 605 942 адамға жетті. Өкінішке орай, пандемия әлем бойынша 95 724 адамның өмірін алып кетті.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/pandemiya-9-%d2%9baza%d2%9bstandy%d2%9bty%d2%a3-%d3%a9mirin-alyp-ketti/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button