Жарнама
ЖаңалықтарҚоғамҚұқық

КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕС: Атыраудағы жеке нотариустар қайырымдылық акциясын бастады

Atr.kz / 16 шілде, 2020 жыл. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші қазір індетті жеңуге әрбір адам өзіндік үлес қосып жатыр. Бүгінгі күннің батырлары – дәрігерлер де, тәртіп сақшылары да, жомарт кәсіпкерлер мен жалынды жастар, мейірімді еріктілер игі істерді қолға алып, жанға қуат, көңілге медет болуда.

Мұндай сауабы мол іс-шарадан Атырау облыстық Нотариаттық палатасы мен жеке нотариустар да шет қалмады. Бүгін олар Жылыой аудандық орталық ауруханасына «АРМЕД 7F-5L» маркалы оттегі концентраторын табыстады.

— Елімізде осындай жомарт жандардың барына көп-көп рахмет. Қол ұшын созып, демеушілік білдіріп көмектесіп жатқан Атырау облыстық Нотариаттық палатасының төрайымы Гүлнар Масатоваға және барлық жеке нотариустарға алғысым шексіз. Індетпен шалдыққан азаматтардың дертіне шипасын беріп, аурудан тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуын тілейміз, — дейді Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Нұрбек Үкібаев.

Иә, вирустың таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Ауруханадағы науқастарға бұл құрылғының мүмкіндігі маңызды екені белгілі. Енді күні-түні аянбай еңбек етіп жатқан медицина қызметкерлері емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады.

Бұл бастама жомарт жандардың қолдауына ие болып, мейірімділік шарасы жалғасын табады деп сенеміз.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА,

Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button