Коронавируспен ауырғандар психикалық ауытқуға бейім бола ма?
Коронавируспен ауырып шыққандар психологиялық проблемаларға көбірек бейім болады.
Зерттеу нәтижесі бойынша ғалымдар осындай тұжырымға келді. Оның негізінде коронавирусты жұқтырғандардың 20% -ында 90 күн ішінде психикалық ауытқулар пайда болады екен. Коронавируспен ауырып шыққан әрбір бесінші адамда белгілі бір психикалық ауытқулар дамиды, дейді ғалымдар, бірақ олар неге екенін әлі білмейді. Оксфорд университетінің зерттеушілері Сovid-19-бен ауырып шыққан науқастарды зерттеген. Адамдарда аурудан айығып шыққаннан кейін психологиялық проблемалар туындаған, бұл ең алдымен мазасыздық, депрессия және ұйқысыздық. Сондай-ақ, ғалымдар деменцияның (ақыл-ой қабілеттерінің жалпы нашарлауы) даму қаупі және мидың кейбір функцияларының нашарлауы айтарлықтай артатынын атап өтті.
«Дәрігерлер мен ғалымдар мұндай адамдарда психологиялық ауытқулардың дамуына не себеп болатынын анықтап, оларды емдеудің жаңа тәсілдерін жасауы керек», — деді психиатрия профессоры Пол Харрисон.
АҚШ-та зерттеушілер компьютерлік модельдеуді қолдана отырып, егер билік карантиндік шектеулер енгізбесе және адамдар өзін-өзі оқшаулау режимін сақтамаса, барлық тұрғындардың 30% ауру жұқтырады деген қорытындыға келді. Зерттеу авторларының айтуынша, адамдар көбінесе мейрамханаларда, спорт залдарда, қонақ үйлерде және кафелерде вирус жұқтырады, ал егер халық оларға барудан бас тартса, қыста инфекцияның белсенді түрде таралуын болдырмауға болады.
«coronavirus2020.kz»