ЖаңалықтарҚоғам
Көптен күткен оңалту орталығы қашан ашылады?
Ерекше жандарға қолдау – қоғам қажеттіліктерінің бірі болып қала береді, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.
Осы орайда, Индербор кенті орталығындағы ескі 4 қабатты емхана ғимаратын биыл күрделі жөндеуден өткізіп, орталықтың 1 қабатынан мүмкіндігі шектеулі балаларға, 2 қабатынан ересектерге арналған оңалту орталығын ашу жоспарланып отыр.
Күні бүгінде ауданда жартылай күндізгі бөлімшеде 19 бала тәрбиеленсе, бұндай қолдауды қажет ететін 31 бала, 71 ересек адам оңалту орталығының ашылуын асыға күтуде. Олай болса, оңалту орталығы мәселесінің оң шешілетін күні де алыс емес.