Жарнама
Жаңалықтар

Көпқабатты үйлерде тазалық пен тәртіп талаптары күшейтілді

Қазақстанда тұрғын үйдегі тәртіп бұзғандарға қатысты әкімшілік жаза күшейтілді. Енді көпқабатты тұрғын үйлерде тазалық пен қоғамдық тәртіпті бұзған адамдар айыппұл төлеуге немесе тіпті қамауға алынуға мәжбүр болады.

Caspian Life телеграм арнасы таратқан мәліметке сүйенсек, жаңа талаптарға сәйкес көпқабатты үйдің дәлізінде шылым шеккені үшін 58 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Қоқыс тастағаны үшін – 78 мың теңге, қабырғаларға жазу жазып, сурет салған жағдайда 197 600 теңге айыппұл қарастырылған. Егер бұл әрекеттер қайталанып немесе қасақана жасалғаны анықталса, тәртіп бұзушы 20 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сонымен қатар көпқабатты үйлерде түнгі сағат 22:00-ден таңғы 09:00-ге дейін тыныштық сақтау талап етіледі. Көршілердің мазасын алғаны үшін дыбысты қатты шығарып, тыныштықты бұзған адамға 19 660 теңге көлемінде айыппұл салынады.

Бек АЙДАРӘЛИ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button