Жарнама
Жаңалықтар

Көп болып жұмылу тасқынға тойтарыс береді

Арыны қатты ағыспен келген тасқынға төтеп беруге тұрғындар да атсалысуы керек. Бағалы бұйымдары мен қажетті құжаттарын жинап-буып, кез-келген уақытта эвакуциялауға тас-түйін дайын болуы тиіс. Барлығын бірдей жергілікті билікке артып қойып, қол қусырып отырғаннан ешкім ештеңе ұтпайды. Жұмысты тиімді ұйымдастырып, көп болып жұмылғанда ғана апатқа тойтарыс бере аламыз.

Бүгін облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газеті ұйымдастырған «дөңгелек үстел» барысында өңірдің Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы Нұрпейіс Мақашев осындай пікір білдірді.
Газет редакциясы бастамасымен өткен «дөңгелек үстелге» «Су тасқыны: себептері мен салдары, апаттың алдын-алу жолдары» тақырыбы арқау болды. Бүгінгі күннің маңызды тақырыбы қозғалған басқосуға Атырау облысының Құрметті азаматы Нұрпейіс Мақашев, су шаруашылығы саласының ардагері Ұзақбай Сатығалиев, «Ауыл» халықтық-демократиялық, патриоттық партиясы Атырау облыстық филиалының үйлестірушісі Жанәділ Мұратуллин, Атырау қалалық мәслихатының депутаты Қаршыға Жауымбаев, мемлекеттік қызметтің ардагері Әділтұрақбай Құмаров қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында осыдан отыз жылға тарта уақыт бұрын өңірде болған су тасқыны кеңірек айтылып, апаттан қорғану жолдары талқыланды. Сол кезде қолданылған әдіс-тәсілдер, сақтық шаралары, тасқынмен күрес жайы әңгімеленді. «Қайыршақты – қаланың қорғаны. Сондықтан, оған көп күш салынуы керек,-деді мемлекеттік қызмет ардагері Әділтұрақбай Құмаров.


Айбөпе САБЫРОВА
Суретті түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button