Жарнама
Жаңалықтар

Композитор Илья Жақанов тарихтағы ауыр кезеңдерден қазақ халқының қалай аман шыққанын айтты

Atr.kz/18 наурыз, 2020 жыл.  Әйгілі композитордың ойынша, үрейді сенімге жеңдіру керек.

       «Қазақ халқының басынан қаншама ауыр жағдай өтпеді десеңізші?! «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» атанған, ел-жұрт босып, «Елім-айлап» күңіренген кездерді де қазақ халқы жеңді.

Одан беріде, басқаны айтпағанда, жиырмасыншы ғасырдың отызыншы жылдарындағы Голощекин геноцидінен қаншама халық аштан қырылды?!

Осындай қиын замандардан халықты алып шыққан рухтың биіктігі, жігердің мықтылығы, ұлттың ынтымағы болатын.

Міне, бүгін де халықтың күш-қайратына, татулық-бірлігіне сүйенетін күн туды. Осы бір әлем жұртымен бірге басымызға түскен қиыншылықтан да өтеміз.

Елдің елдігі осындай қиын кезеңде байқалатыны шындық» деді  Қазақстан және Қырғызстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Отан», «Парасат»,  Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, жазушы, композитор  Илья ЖАҚАНОВ.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

http://atr.kz/bez-rubriki/bas-prokuratura-virusty-қasaқana-zhappaj-zhұқtyrғandar-10-zhylғa-dejin-bas-bostandyғynan-ajrylady/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button