ЖаңалықтарШаһар шырайы
Коммунистік партия өкілдері қайырымдылық ұйымдастыруда
Бүгін Қазақстан Коммунистік Халық партиясының Атырау облыстық филиалы көп балалы отбасы балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар алып берді.
Партия филиалының екінші хатшысы Асхат Жұмағалиевтің айтуынша, жалпы «Шапағат» жобасы аясында аз қамтылған, көп балалы отбасыларға киім-кешектер үлестірілуде.
– Бұл біздің дәстүрлі шараларымыздың бірі. Бүгін үш отбасының балаларына табыстасақ, осы шара барысында 20 баланы мектепке қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз ететін боламыз. Мұның ішінде Құрманғазы, Жылыой аудандарынан екі отбасының балалары бар, – деді ол.
Мәлике МӘЛІК.