ЖаңалықтарҚоғам
Атырауда коммуналдық қызмет қымбаттай ма?
«Атырауда жеке тұлғаларға коммуналдық төлем тарифі көтерілген жоқ» деп хабарлайды Atr.kz Атпресс сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің бөлім басшысы Жанар Дәрібаева айтты.
Жеке тұлғалар үшін коммуналдық төлем тарифі 2020 жылғы деңгеймен қалдырылды. Егер, қандайма өзгерістер болатын болса, бұл туралы мекеменің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарлайтын боламыз. Және тұрғындар арасында хабарлама таратылады» деді спикер.