ЖаңалықтарҚұқық
Колония қызметкерлері айыпталуда
Атырау қаласының №2 сотында УГ-157/9 мекемесінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.
Сот алды тергеу алаяқтық үшін жазасын өтеп жатқан сотталушылардың бірінің арызы негізінде басталған. Арыз иесі колонияның екі қызметкерін өзін соққыға жықты деп айыптаған болатын.
Атырау облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, қылмыстық іс сотқа ҚР Қылмыстық Кодексінің екі бабы, «билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану» және «қызметтегi әрекетсiздiк» сипаттамасы бойынша жолданған.