Жарнама
Жаңалықтар

КОЛЛЕДЖДЕН КӘСІПОРЫНҒА ДЕЙІН…

 

Басқосу барысында техник-электрик, автоматтандыру және басқару, IT технологиясы мамандарын даярлау, электротехникалық бағыттағы студенттерді дуальдық оқыту жүйесінде даярлау, бәсекеге  қабілетті  мамандар даярлау  жүйесінің жаңа моделін құру және  серіктестермен  қарым-қатынасты дамыту  жөніндегі  көптеген  мәселелер  талқыланды.

— Колледж облыс экономикасы үшін мамандар даярлауда өзінің негізгі жұмысын атқаруда. Кәсіби мамандар  даярлау – күрделі, ауқымды процесс, бұл істе колледжбен қатар кәсіпорындар мен мекемелердің де бірлескен күші керектігі айқын, яғни, өндіріс пен білім саласының тығыз байланысы керек. Егер біз осыған қол жеткізбесек, жақын арада қажетті нәтижеге жету мүмкін емес, — деді колледж директоры Б.Шеркешбаева.

Директордың орынбасары Г.Айтымбетова базалық кәсіпорындарда кәсіби тәжірибелерді ұйымдастыру мен туындаған қиындықтарды шешуге қатысты  ақпараттармен бөлісті. Ал, колледждің ардагері Н.Достанов кәсіпорын өкілдері мен басшыларына 3-4 ай өндірістік тәжірибеден өтетін студенттерге еңбекақы төлеу мәселесін  қарастыруды ұсынды.

Шара барысында бірқатар мекеме өкілдері, атап айтсақ,  «АтырауЖылуОрталығы» АҚ, «ЭЛМО» АҚ Атырау филиалы, «КЕГОК» АҚ, «Каzelektrym» ЖШС және тағы басқалары студенттер тәжірибесінің  ұйымдастырылуы, колледжбен тығыз байланыс орнатуды жетілдіру мәселелеріне қатысты ойларын айтты.

Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің  электротехника бөлімінің меңгерушісі Ш.Андақұлова бітіруші түлектердің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жылында еңбекке орналасуына көңіл бөлініп, дуальдық оқыту жүйесін енгізу мәселесіне қатысты ақпараттық-түсінік  жұмыстарын жүргізуді, өндірістен педагог кадрлардың  тағылымдамадан өтуіне жағдай  тудыру  секілді мәселелерді  қозғады.

«Дөңгелек үстелге» қатысушылар  колледж студенттерінің техникалық шығармашылық жұмыстары   көрмесімен  танысты.

Шара қорытындысында  кәсіби  мамандар  даярлау  ісіне белсене  араласып  жүрген  үздік  әлеуметтік  серіктес кәсіпорындарды  марапаттау  салтанаты өтті. Сонымен қатар, электротехникалық пәндер циклдік комиссиясы онкүндігінің аясында өткен «Үздік өнертапқыш» байқауының  жеңімпаз  студенттері  марапатталды.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button