Жарнама
Жаңалықтар

Көктемгі ауа райы және су тасқыны қаупі: министр жаңартылған болжамды ұсынды

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Үкімет отырысында көктемгі кезеңге арналған ауа райы болжамының жаңартылған деректерін ұсынды.

Министрдің айтуынша, биыл наурыз және сәуір айлары әдеттегіден жылы болады, ал еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын көп түседі. Бұл көктемнің ерте келуіне және су тасқыны қаупінің артуына ықпал етеді.

Су тасқыны қаупі жоғары өңірлер:

• Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары, Ұлытау және Абай облыстары.

Қауіптілігі орташа өңірлер:

• Алматы, Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Атырау облыстары.

Тасқын қаупі төмен өңірлер:

• Павлодар, Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстары.

Ерлан Нысанбаевтың айтуынша, “Қазгидромет” алғаш рет әр облыс бойынша егжей-тегжейлі анықтамалар дайындады. Бұл анықтамаларда гидрологиялық бекеттер бойынша су деңгейінің ең жоғары мәндері, ағын көлемі және қауіп аймағында орналасқан елді мекендер туралы ақпарат көрсетілген.

Министр сондай-ақ өткен аптадан бастап Қазгидромет апта сайынғы гидрологиялық болжамдар жариялай бастағанын айтты. Егер гидрометеорологиялық жағдай күрт өзгерсе, Қазгидромет 2-3 тәулік бұрын ескерту жасайды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін тиісті органдарға қажетті шараларды уақытылы қабылдау тапсырылды.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button