Жарнама
Жаңалықтар

Көктайғаққа себілетін қоспалардың сапасы тексерілді

Атырау жолдарын қысқы маусымда күтіп-ұстау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде республикалық маңызға ие 1120 шақырым жолдың 719 шақырымы бақылауда. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК АОФ директорының міндетін атқарушы Жантас Ғазизовтың айтуынша, биыл ауа-райы қолайлы болғандықтан жолдар әзірге аса қатты күтімді қажет етпеген. Дегенмен, филиал мамандары қыс түскелі жоспарға сай жолға шығып, тазалық жұмыстарын тексеріп жүр. 

Жолды күтіп-ұстау жұмыстарын қолға алған «Қазақавтожол» ЖШС Атырау  филиалы өткен жылдың желтоқсан айында  жауған жаңбыр соңы көктайғаққа  айналған кезде «Атырау-Орал», «Ақтөбе-Атырау-Ресей шекарасы/Астрахань бағыты» және «Доссор-Құлсары- Ақтау» жолына 300 текше метр  құм, 75 тонна тұз сепкен. Сонымен қатар, республикалық маңызға ие жолдарға қыс мезгілінде аса қажет 60 дана жол белгісі уақытша орнатылған. Олар жолдың жай-күйін, яғни тайғақ екенін, сондай-ақ,  көктайғақта көлік жылдамдығын сағатына 40 шақырымнан асырмау қажеттігін көрсетеді.

«Филиал зертханасында биыл қысқа дайындалған 3015 текше метр құм мен 950 тонна тұздан алынған сынаманың сапасы тексерілген. Инертті қоспалардың сапасы талапқа сай, — дейді Ж.Ғазизов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button