Жарнама
Жаңалықтар

КӨК БАЙРАҚТЫ КӨККЕ КӨТЕРГЕНДЕР

 

Қала әкімінің Құрмет грамотасымен дзюдодан әлем чемпионын дайындаған жаттықтырушы Мейіржан Есмағамбетов және «Атырау» футбол клубы жаттықтырушысының көмекшісі Юрий Коньков марапатталды.

— Қазір спортқа қызығушылық танытқан жастар көбеюде. Аймақтағы спорт кешендерін аралай жүріп, тренажерлік залдардың жетіспейтінін көрдім. Өңірімізде тағы да бірқатар спорт секцияларын дамытуымыз керек. Биыл Атырауда алғаш рет, ал, елімізде екінші мәрте чемпион атанған Айболат Ыстыбаевтың жеңісі қазақстандықтардың делебесін қоздыра түсті. Тартысты доданы ғаламтордағы тікелей желіден мен де тамашаладым. Ардақты спортшылар, осылайша тек жарқын жеңістеріңізбен елімізді қуанта беріңіздер! — деді Н.Ожаев.

Қала әкімінің Алғыс хатымен суда жүзуден спорт шебері Дамир Ешенкулов, мүгедектер спорт клубының жаттықтырушысы Гүлнар Иманалиева, №25 орта мектептің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Берік Қабиев, дзюдо күресінен аға жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Жандос Қиянов, кикбокстан әлем чемпионы, №2 спорт мектебінің жаттықтырушысы Қуанышбек Қосақов, суда жүзуші Екатерина Обратнова, Атырау гуманитарлық колледжінің мұғалімі Роза Тәжібаева, облыстық Самбо федерациясының президенті Арман Тоғаев, АтМУ-дің спорт пәндері кафедрасының оқытушысы Гүлсара Шеркешбаева және дзюдодан әлем чемпионы Айболат Ыстыбаевтар марапатталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Суретті түсірген автор.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button