Жарнама
Жаңалықтар

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРҒА – ЖОҒАРЫ ТАЛАП

Облыс  әкімінің  орынбасары  Шыңғыс  Мұқанның  төрағалығымен облыс әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру бағытындағы жұмыстарының тиімділігі туралы мәселе қаралды. Бұл жайында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Оразбек Қасымов баяндады.

Басқарманың ағымдағы жылға арналған әлеуметтік маңызды жобалары тақырыбына облыста  2014 жылы әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың қызмет тиімділігіне мониторинг жүргізілген. Үкіметтік емес ұйымдар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесінде келіп түскен ұсыныстарды кеңес мүшелеріне жариялаған О.Қасымов қазіргі таңда өңірде жиырма шақты қоғамдық бірлестік мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста белсенді жұмыс жасайтынын айтты. 

— Мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылын үйлестіру бойынша 2013 жылы өткен Азаматтық альянс форумының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі 2014-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында нақты тапсырма берілген. Сондықтан, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың салалық принципін кеңейтуге баса назар аудару жөн деп есептеймін, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Шыңғыс Мұқан«Атырау облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар  бірлестігінің жұмысын жандандыру қажеттігін баса айтты.

«Азаматтық альянс» жалпы республикадағы барлық үкіметтік емес ұйымдардың басын біріктіреді. Ал, бізде бұл ұйымдардың жұмысын жетілдіруді уақыт талап етуде. Мемлекеттік орган үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына араласа алмайды. Сондықтан, арада дәнекер болу, байланыс орнату аталған ұйымға міндеттелген. «Азаматтық альянстың» қызметі арқылы үкіметтік емес ұйымдардың  жұмысы көрінеді. Қажетті қаржы тиісінше бөлініп жатқанымен,  Атырауда бұл ұйымның жұмыстары әзірге айтарлықтай көрініп тұрған жоқ, — деп Шыңғыс Жұмабекұлы нақты тапсырмалар берді.

Айгүл ЕРТІЛЕУ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button