Жаңалықтар

«Kilen myqty»-дан кіл мықтылар анықталды (+фоторепортаж)

Атырау қаласында Халықаралық жастар күніне орай облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Ақсұңқар» қоғамдық қорының қолдауымен «Kilen myqty» атты ашық аспан астындағы командалық ойын өтті. Мерекелік іс-шара Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Жайық» спорттық-мəдени кешенінің футбол алаңында ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты– Халықаралық жастар күнін тойлау аясында өңір жастарын белсенділікке шақыру. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау жəне жастардың ынтымақтастығын арттыру.
Аталмыш ойынға әр саланың жұмысшы жастарынан құралған тоғыз команда қатысты. Тартысқа толы ойын жеті кезеңнен тұрды.

– Халықаралық жастар күніне орай өткізілген «Kilen myqty» атты ашық аспан астындағы командалық ойынның ерекшелігі футбол, волейбол секілді белгілі бір спорт түрінен емес, командалық ойындардан да тұрды. Сондықтан да жарыс қызықты әрі командалар өзара танысып, достасуына мүмкіндік берді, — деді жоба жетекшісі Нұрсұлтан Зиядаев.

Ашық аспан астындағы кіл мықтылар жиналған сайыста қатысушылардың ептілігі мен жүйріктіктері қана емес, бірлігі мен достықтары да сыналды. Байқау нәтижесінде “Nomad” командасы жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанып І орынды иеленіп, 150 мың теңге жүлдені қанжығаға байлады. Ал “Фараби” командасы ІІ орынды еншілеп, 120 мың теңге жүлдені иеленді. “KEGOC” командасы ІІІ орынға табан тіреп, 80 мың теңге жүлдемен марапатталды. Қатысушы командаларға Алғыс хатпен қатар 25 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды.

Жайна МӘЛІМҚОЖА

Суреттерді түсірген Әлішер БАЙЗАҚОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button