Кезекті антирекорд: Атырау облысында бір тәулікте 348 адам Covid-19 жұқтырған
Инфекциялық стационарларда 1105 науқас ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 212 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 34 науқас анықталды.
Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында – 43, Индер ауданында – 11, Исатай ауданында – 13, Қызылқоға ауданында – 1, Құрманғазы ауданында – 14, Мақат ауданында – 10, Махамбет ауданында – 10 адам анықталды.
Коронавирус инфекциясы бар 199 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 37 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 2399 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 188, екінші облыстық ауруханада-203, фтизиопульманологиялық орталықта-96, кардио орталықта-101, т/ж ауруханасында-107 ,
аудандық инфекциялық стационарларда-271. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда-139 науқас ем алуда.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.