Жарнама
Жаңалықтар

Кентаулық қыз баланың жинақ құтысы музейде сақталады

Түркістан облысы Кентау қаласында тұратын Гаухар Шаймерден есімді кішкентай қыз өзінің ақша жинап жүрген құтысын тасқын судан зардап шеккен Құлсарының тұрғындарына берді.

Атырау облысының төтенше жағдай жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, IV сыныптың оқушысы смартфон сатып алу үшін жыл бойы ақша жинаған екен. Алайда, Атырау облысындағы су басқан қаланы көргенде жаны ашып, бар жинағын құлсарылықтарға беруге шешім  қабылдаған.      

Гуманитарлық көмек тиелген жүк көліктері басқа да заттармен бірге Гаухардың сәлемдемесін Құлсарыға жеткізді. Келген көмекті ризашылықпен қабылдаған тұрғындар, кентаулық мектеп оқушысының жіберген ақшасын жұмсамай, жергілікті мұражайда сақтап қоятын болды. Бұл кішкентай қазақстандықтардың игі істерінің символы болмақ.                                                                                

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button