Жарнама
Жаңалықтар

Келешекке жасалған инвестиция

Қазақстан азаматтары өз позициясын айқындап, референдумға белсене қатысты. Жарияланған Exit poll нәтижелері бойынша, «Астана» кешенді әлеуметтік зерттеулер институтының мәліметіне сәйкес, қазақстандықтардың 69,8%-ы «иә», ал 30,2%-ы «жоқ» деп дауыс берген. Бұл нәтижелер халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын және маңызды шешімдер қабылдауға дайын екенін көрсетеді.

Осылайша, елде атом электр станциясын салу мәселесі қолдау тауып отыр, демек, бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігіміз үшін маңызды қадам болмақ.
Жастар – қоғамның қозғаушы күші, сондықтан олардың пікірі ерекше маңызды. АЭС салу мәселесі әсіресе жастар арасында кеңінен талқыланып, қоғамда үлкен қызығушылық туғызды. Бұл тек энергетикалық қауіпсіздік мәселесі емес, сондай-ақ қоршаған орта мен болашақ ұрпақ үшін маңызды шешім. Сол себепті бұл тақырып үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дауыс беру нәтижелері ел халқының бұл мәселеге бей-жай қарамайтынын көрсетті. Біз әрбір қадамды ғылыми негізде және экологиялық талаптарды ескере отырып жасауымыз керек.

Жастардың осы мәселеге белсене араласуы өте маңызды, себебі олар елдің болашағына жауапты. Технологиялық даму мен экологиялық қауіпсіздік арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, тиімді шешім қабылдауымыз қажет. Референдум нәтижелері – халықтың пікірін ескеріп, ортақ мақсатқа қол жеткізуге жасалған маңызды қадам деп есептеймін.

Жалғас ХАЛЕЛОВ,
«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ АОФ кеңесшісі
, Жастар мәслихаты депутаты

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button