
ЖаңалықтарҚоғам
Казақ қызы академиясы – Атырауда!
Atr.kz/2 тамыз, 2019 жыл. Тамыз айының 7-8-9 күндері Казақ қызы академиясы тегін түрде дәстүрлі қолөнерге негізделген мастер-класс өткізеді.
Мұнда шеберлер жаңа технология бойынша «Құрақ көрпе» және «киіз басу» өнеріне үйретеді. Шара Жұмыскер мөлтекауданындағы мәдениет үйінде өтпек. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасының қолдау білдіріп отырғанын айта кеткен жөн.
«Atr-Ақпарат»