Жарнама
Жаңалықтар

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨП ҰЛТТЫ ПАЛИТРАСЫ»

 

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған көрменің негізгі мақсаты ұлттардың татулығын, Қазақстанда тұратын халықтардың бейбітшілігі мен келісімін бейнелеу өнері арқылы насихаттау болып табылады. «ҚазАқпарат» агенттігінің хабарлауынша, Ұлттық көрмеде 36 суретшінің қырықтан астам еңбегі көпшілік назарына ұсынылған.

Қоғамның бірлігі тақырыбын терең ашатын ең маңызды, таңдаулы туындылар шығарылған ұлттық экспозицияға қатысушы суретшілердің бірі Исмаил Ачилов – бесінші сыныптан бастап сурет сала бастаған талант иесі. «Бұл шара жастарды тәрбиелеуге көмектеседі. Жастар бейбітшілік пен тыныштық орнаған Қазақ елінде білім алғандығын бақыт санайды» дейді ол.

Ал, суретші Гүлмира Телғозиеваның пікірінше, бірлігіміз бен қонақжайлығымыздың түп-тамыры берекелі жерімізде жатыр. «Бейбітшілік орнаған халқымыздың болмысында қатыгездік мүлде болмаған, кең байтақ жерімізде достық пен татулыққа ғана орын бар», — деді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button