ЖаңалықтарҚоғам
Қазақстандық тағы үш қаланың атын өзгерту қажет
Atr.kz/ 26 наурыз, 2019 жыл. «Ақ жол» партиясы тарапынан қазақстандық тағы үш қаланың атын өзгерту жөнінде ұсыныс түсті.
Атап айтқанда, Семей, Павлодар және Петропавлоск шаһарларын қазақтың атақты тарихи тұлғаларының есімдерімен атау қажет деп санайды аталған партия төрағасының орынбасары Қазбек Иса.
– Петропавловскіні Абылай хан, Павлодарды Кенесары, ал, Семейді Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Бұл – менің жеке пікірім, кейін партя кеңесінде талқылайтын боламыз, — деген ол «Нұр-Сұлтан» атауына қатысты да оң пікірін білдірді.
Аман ШАМАР