Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Қазақстанда туберкулезге қарсы күреске 48 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді

Atr.kz/ 28 наурыз, 2019 жыл. Жыл сайын 24 наурызда әлемде Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні атап өтіледі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мұрындық болуымен өтетін дәстүрлі шара биыл «Туберкулезді жою, сырқаттарды толық емдеп жазу» деген ұранмен өтпек (Find. Treat. All. #EndTB»).


Қазақстанда туберкулез тегін емделеді. Оның алдын алу, анықтау мен емдеу  кепілдендірілген тегін медициналық көмек шеңберінде жүргізіледі. 2019 жылы аталған дертке шалдыққан азаматтарды емдеу мен әлеуметтік көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен  47,7 млрд теңге бөлінді.

Ал, Атырау облысы бойынша 2018 жылы диспансерлік есепте 2 мың 254 пациент тұрған, олардың 1003 пациенті туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар. 2018 жылдың ішінде 469 пациентке «диагноз алғаш қойылған».


Ресми статистикаға сүйенсек, 2018 жылы Қазақстанда 35 мың 181 пациент диспансерлік есепте тұрған болатын (оның 14 мың 874-і туберкулездің белсенді түрімен ауыратындар). Оның ішінде 8 мың 942 адам пациенттер қатарына жаңадан қосылғандар.

2019 жылы туберкулез дертіне шалдыққандарға диагноз қою, емдеу мен әлеуметтік көмек көрсету үшін Атырау облысы бюджетінен 1,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінен туберкулез ауруына шалдыққандарға әлеуметтік көмек көрсетуге 197,0 млн теңге, яғни туберкулезге қарсы шараларды қаржыландыруға бөлінген жалпы соманың 10,6% қарастырылып отыр.

Дер кезінде анықталып, тиісті ем-дом жасалса туберкулезді толық емдеп жазуға болады. Сондықтан ауруды асқындырмай, емдеуші дәрігердің нұсқауларын орындаудың маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2000 және 2016 жылдар аралығында туберкулезді ерте анықтау мен емдеу нәтижесінде әлем дәрігерлері 53 миллионнан астам адамның өмірін сақтап қалған.

Туберкулездің қарапайым түрін емдеуге шамамен 6 айға жуық уақыт кетеді.

Қазақстанда бұл ауру интеграцияланған бақылау стратегиясы бойынша емделеді. Бақылаудың бұл түрі туберкулездің жабық түрімен ауыратын науқастардың емханада амбулаторлық ем қабылдауына мүмкіндік береді.

Туберкулездің алдын алу үшін емханада тұрақты тексеруден өтіп тұру қажет. Тексеру мен екпе егу кепілдендірілген медициналық көмек шеңберінде тегін көрсетілетін қызметтер:

6f9c8c5509fb54adeb1e372b5f129753 resize w 600 h 315

•          БЦЖ вакцинасы – туғаннан кейін бірнеше күн ішінде салынады;

•          7 мен 14 жас аралығында БЦЖ-дан ревакцинация жасалады (екпе екпес бұрын – Манту сынамасын салып, организмнің реакциясын тексереді);

•          флюорографиялық скрининг (ересектерге, жыл сайын);

•          көрсетілімдер болса: рентгенография жасау.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерілк қоғамының

жұртшылықпен байланыс департаменті

image l

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button