Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қазақстан Президенті Мәскеуге ресми сапары аясында мәлімдеме жасады

  Atr.kz/4 сәуір, 2019 жыл.  Қазақстан Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев өзінің Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуінің терең символдық мәні бар екенін мәлімдеді.

Кремльде оларды екі елдің министрлерінен құралған делегациялар бастап жүрді.

9726816

Екі сағаттық келіссөздерден кейін елдердің басшылары журналистерге сұхбат берді. Кездесудің қорытындысы бойынша орыс және қазақ тілдерінде бірлескен мәлімдеме оқылды. Владимир Путин алғашқы сапарын Ресейге жасағаны үшін Қасым — Жомарт Тоқаевқа алғысын білдірді. Қазақстан көшбасшысы өз сөзінде:

«Мен Ресей — Қазақстан ынтымақтастығының алтын ғасырында президент лауазымына кірістім. Менің алғашқы ресми сапарымның терең символдық мәні бар, ол біздің елдеріміздің қарым-қатынасы ерекше мәртебеге ие екенін білдіреді», — деп атап өтті.

Тоқаев екі елдің достығын нығайтуға бұрынғы Президент Нұрсұлтан Назарбаев зор еңбек сіңіргенін атап өтті.  

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары экономикадан студенттер алмасуға дейінгі мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық түріне тоқталды. Сонымен қатар, Қазақстанда ресейлік технологияларды қолдана отырып, атом электр станциясын салу жобасы жоғары деңгейде талқылануда.

Мәдениет майданында да маңызды жаңалық болмақ: Мәскеуде Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі аумағында Қазақстан мәдени-іскерлік орталығы жұмыс істейді.   

Путин мен Тоқаевтың келесі кездесуі 29 мамырда Нұр-Сұлтанда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында өтеді.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button