Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Қасым – Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл.Бүгін ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

 «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

20190320120311

Айта кетейік, бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. ҚР Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі, Үшінші, төртінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, Қарусыздандыру конференциясының Бас хатшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 16 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланды. 2017 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сенаттың Төрағасы болып қайтадан сайланды. 

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button