Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Каспийдегі табиғи қорық өртке оранды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат — Атырау облысындағы «Ақ Жайық» табиғи резерватында қамыстар өртеніп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20151009021325

«Мемлекеттік табиғи резерват аумағында қамыс пен қураған шөп екі күннен бері жанып жатыр. Өрт шарпыған жердің көлемі 10 гектардан асты. Жалынды өшіруге 14 өрт сөндіруші мен 6 техника тартылды. Үш күн ішінде жеке құрам қызметкерлері 11 гектардағы өртенген қамыс пен шөпті сөндірді», деп хабарлады өңірлік ТЖД.
«Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты Атыраудан бірнеше шақырым қашықтықта Каспий теңізі жағасында орналасқан. Қамысқа жергілікті тұрғындар от қояды. Өйткені оның орнына мал жақсы жайылатын жас құрақ өсіп шығады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button