Жарнама
Жаңалықтар

КӘСIПКЕРЛЕРГЕ – 260 МЛРД. ТЕҢГЕ СУБСИДИЯ

 

«Наурыз айында «Бизнестiң жол картасы – 2020» бизнестi қолдаудың бiрыңғай бағдарламасының қабылдануы шағын және орта бизнес саласын мемлекеттiк қолдаудағы басты жаңалық болды. Осы бағдарлама аясында бiз 1595 компанияға қолдау көрсеттiк. Оларға несие портфелiнiң жалпы сомасы – 260 млрд. теңге субсидия берілді», — деді ол.

Субсидия алғандардың басым көпшiлiгi – ауыл кәсiпкерлерi. Бизнес саласының мамандары он төрт пайызбен несие алса, оның жылдық он пайыз көлемiндегi қаржысы субсидияланды. Осылайша, кәсiпкерлер төрт пайызды ғана төлеп отыр.

Қор алдында үлкен мақсаттар тұр: биыл Үкіметтің дағдарысқа қарсы жоспары аясында Дүниежүзілік банкінен 30 млрд. теңге, Азия банкінен 30 млрд. теңге, ЕҚДБ-дан 5 млрд. теңге алады. 

«2015 жылы қыркүйекте «Даму» қоры кепілдемесі бойынша Еуропа реконструкция және Даму Банкінің (ЕРДБ) «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасы үшін ұсынған 3,7 млрд. теңге қарызы ЦентрКредит Банкке бөлінді», — деді  басқарма төрайымы.

Өткен жылы желтоқсанда осы банкімен арада жасалған келісім бойынша, ЕРДБ үкіметтің қатысуынсыз, тек Қордың корпоративтік кепілдемесі негізінде біздің отандық банктерге қаржы бере алады. ЦентрКредит банк қазірдің өзінде 18,5 млрд. теңге көлемінде қаржы алып үлгерді.

2016 жылдың 1 қаңтардағы ахуал бойынша, Халықаралық қаржы ұйымдары қаражаты есебінен 367 қарызгер 12,6 млрд. теңгеге қаржыландырылды.

 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button