Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeҚоғамҚұқық

КАРАНТИНнен кейінгі ҚАРБАЛАС: көптеген нысандар қызметін қайта бастауда

Atr.kz/21 тамыз, 2020 жыл. Облыста карантин талаптары жеңілдетіліп, бірқатар нысандар қайтадан ашылды. Соның ішінде санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, көлік жуу, тегершік жөндеу, тағы басқа орталықтар жұмысын бастауда. Бүгінде олардың қызметі қалай жүруде?

Тегершіктер жөнделуде…

«Жеткін» көлік жуу нысаны Атырау–Индер автокөлік жолының бойында орналасқан. Аталған ғимараттың жартысы тегершік жөндеу жұмыстары үшін жасақталыпты. Кәсіп иесі Асылжан Сақтағановтың айтуынша, 2018 жылы ашылған орталықтағы бес адам көлік жуу қызметін атқарады. Бүгінде олар күнделікті кәсіптеріне қайта оралғандарына қуанышты. Ал, ғимараттың тегершік жөндеу жұмыстарына арналған бөлігі бір жылдан бері жалға берілген. Қазір бұл орында екі адам қызмет етуде.

  • – Карантин кезінде жұмысымыз толықтай тоқтады. Облыстың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, мобильді топтың да қызмет атқаруына рұқсат етілмеді. Сондықтан, біз барлық сақтық шараларын ескеріп, үйде болдық. Аймақта эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Карантин талаптары жеңілдетіліп, біздің қызмет көрсету орнымыздың жұмысына рұқсат берілді. Әріптесім екеуміз таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі 22.00-ге дейін ауысыммен жұмыс жасаймыз, — деді жөндеуші Ерлан Сейсенов.

Байқасақ, тегершік жөндеу орталықтарының қайтадан ашылуын көлік жүргізушілері де асыға күтіпті.

  • «Жолда жүргеннен кейін көліктің тегершіктері жөндеуді қажет етеді. Оларды әлсін-әлсін орталыққа әкеліп, дөңгелекті жамап тұру қажет. Мұның барлығы жолдағы қауіпсіздік шара-лары ғой. Көліктегі жолаушылардың да сақтығын ойлау қажет. Осы ретте бұл жұмыс орындарының ашылғанына ризамыз» деді қала тұрғыны Айбар Қасенов.

Жауапкершіліктің жүгі ауырКәсіп иесі техниканың тегершігін жөндеусырт көзге оңай болып көрінгенімен, ол қиын жұмыс екендігін айтады.

  • «Бұл жұмысшыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дөңгелекті жай ғана жамай салуға болмайды. Өйткені, көлік қозғалысында тегершік істен шықса, адам өміріне үлкен қауіп төндіреді. Осы орайда біздегі бұл орынды жалға алушылар өз ісіне атүсті қарамайды. Сондай-ақ, қауіпті індеттен қорғануда бетперде тағу, ара-қашықтықты сақтау, ғимаратты дезинфекциялау жұмыстарын қатаң назарға алып отырмыз» деді Асылжан Сақтағанов.

Оның пікірінше, қызмет көрсету орталығының тұрақтыклиенттері карантин кезінде жиі-жиі хабарласып отырыпты.

  • «Алайда, біз жағдайғабайланысты нысанды аша алмайтынымызды түсіндірдік. Эпидемиологиялық ахуал ушыққан тұста барлық сақтық шараларынабаса ден қойған абзал. Осыдан екі апта бұрын республикалық маңызы бар жолдардың бойында орналасқан тегершік жөндеу орталықтарының жұмысына рұқсат берілді. Бірақ, біздің ны-сан ол талапқа сай келмегендіктен бұл уақытта қызметтіжалғастыра алмады» деді сұхбаттасушымыз.

Тегершік жөндеу жұмыстарында күніне 15 көлікке дейін қызмет көрсетіледі. Жеңіл автокөліктердің дөңгелегін түсіріп, бөлшектерін ауыстыру, қайта салу жұмыстары 3800 теңгеге дейін бағаланады. Ал, жол талғамайтын көліктер үшін бұл жұмыстардың құны алты мың теңгені құрайды. Көлік жууға рұқсат берілдіОрталық басшысы Асылжан Сақтағанов карантин кезінде жұмысшыларының жұмыссыз отыруы қиынға соққанынжасырмады.

  • – Жұмыс тоқтағаннан кейін оларға еңбекақы төленген жоқ. Көпшілігі мемлекет тарапынан қолдау ретінде төленген 42 500 теңгені алды, — деді ол.

Кәсіп иесінің айтуынша, бұрын күніне 100-ге жуық көлікке жуу қызметі көрсетілетін. Оның ішінде он шақтысы – үлкен жүк көліктері. Жеңіл автокөліктерді жуудың бағасы 1 500 теңгеден

Карантиннен кейінгі қарбалас

басталса, бұл қызмет жүк көліктері үшін – жеті-сегіз мың теңге.

  • «Бірақ, карантинде осы жұмыстар мүлдем тоқтағандықтан, қаржы мәселесінде қиындықтар туындады. Мәселен, ғимараттың коммуналдық қызметтерін өтеудің өзі оңай болмады. Бұл үшін кәсіп иелеріне жеңілдіктер қарастырылған жоқ» деді А.Сақтағанов.

Бір жеңіл көлікті жууға шамамен 100 литрге жуық су кетеді.Көлік балшық болса бұдан да артық мөлшерде су жұмсауға тура келеді. Машинаның моторы орналасқан бөлігін жуудың да құны бір бөлек. Оның бағасы бөлшектің майлылығы мен шаңына байланысты. Сондай-ақ, оны жуу ұзақ уақытты қажет етеді.

  • «Бұрын осы кәсіппен айналыспаған уақытта «көлік жуу орталықтарының бағасы неге соншалықты қымбат?» деп ойлаушы едім. Кейін өзім осы кәсіппен айналысқан кезде бұл жұмыстарға жұмсалатын қаржы мен еңбектің аз еместігіне көзім жетті. Қызметкерлер күндегі жуған көлігінен түскен қаржының 30 пайызын алады» деді ол.

Жол азабын жүрген білерҚайтадан қызметін жалғастырған көлік және тегершік жөндеу орталығында бүгінде жұмыс қызуда. Атырау–Маңғыстау тасжолы бойындағы қызмет көрсету орнына үлкен жүк көліктері жиналыпты. Өзін Ділшот Нұрмұхамбетов деп таныстырған Өзбекстан азаматы 12 жылдан бері тауар тасымалымен айналысады екен. Ол көлік жүргізушілері үшін жол бойында және қала ішінде орналасқан көлік, тегершік жөндеу жұмыстарының қашан да қажет екенін айтты.

  • – Біз күні-түні мыңдаған шақырым жол жүреміз. Ауыр темір құрал-жабдықтарды Орал қаласынан Бейнеуге тасимын. Жолда көліктің дөңгелектерінің жарылып қалатын кездері болады. Осы сәтте бізге автокөліктерді жөндеу орталықтарының жабық болғаны біраз қиындық тудырды. Карантинге сәйкес техниканы жүргізуге бір ғана жүргізушіге рұқсат берілді. Қасымызға екінші жүргізушіні ілестіруге болмайды. Сондықтан, бір-бірімізбен ілесіп шыққан келесі көліктегі адамның көмегімен талай мәрте жол бойында техниканы сағаттап жөндеуге тура келді, — деді облыстық балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы.

Оның сөзінше, балық өнімдері Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзербайжан, Грузия, Франция, Литва және Израиль елдеріне экспортталды.Қазіргі уақытта, облыста өсіру» зауыттары біріктіріліп, қайта құрылуда. Бұл өндірістің қуаттылығын арттырады. Мұнда жылына 12 миллион шабақ өсіру жоспарлануда.

Облыс көлемінде бұрын болмаған тоғанда балық өсіру жобасы басталды. Осы мақсатта «Восток» және «Тілекші» жауапкершілігі мәселенің бірі – Жайық және Қиғаш өзендерінде су маржандарының қолайлы тіршілігі үшін өзен түптерін тереңдету болды.Осыған байланысты, Атырау қаласында Яицкий арнасы, Құрманғазы ауданынында Ганюшкин және Жарқосы каналдарының (Шароновка өзені) түбін тереңдету жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар биылаяқталады деп күтілуде.

Бүгінгі күні Жайық өзені түбінің 40 шақырымын тереңдету бойынша жұмыстар басталды. Қазір 33 шақырымының жұмыстары жасалған. Ал, Қиғаш өзенінің 127 шақырымын тереңдету жұмыстары жоспарланған болса, оның 80 шақырымы тереңдетілді. Бұл бағыттағы жұмыстар осы жылы толықтай аяқталады деп күтілуде.Жиын соңында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов балық шаруашылығын одан әрі дамытуға қатысты тиісті лауазым иелеріне бірқатар нақты тапсырма берді.

Иә…

«Жол азабын жүрген білер» демекші, онсыз дакүннің ыстығында талай шақырымдарды артқа тастап, арып-аршып техниканы тізгіндеп келе жатқан жүргізушілер мен оның жолаушылары үшін көліктің бұзылмауы маңызды. Ал, оның бөлшектері істен шыға қалса, жол бойындағы және қала ішіндегі осындай орталықтар жұмысының қолжетімді болуықажет. Ендеше, қауіпті індет тезірек сейіліп, барлық нысанның қалыпты жағдайдағы жұмыс кестесі қашан да сақталсаигі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген: автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button