Жарнама
ЖаңалықтарСаясатЭкономикаҚоғам

Карантиннен кейін қазақстандықтардың табысы мен тұрмысы қандай болады?

Atr.kz/17 тамыз, 2020 жыл. Бұл сауалға экономист Олжас Төлеуов өзінің Tengenomika телеграм арнасында жауап берді.

Сарапшы Статистика комитеті мәліметіне сүйене отырып, маусым айында инфляцияға сәйкес өсуі тиіс халықтың нақты ақшалай табысы 1,7% төмендегенін айтты. Мәселен, бұл көрсеткіш тек 2016 жылы төмендеген екен. Нақты кірістердің төмендеуі Қазақстандағы қазіргі сыртқы және ішкі экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты экономикалық белсенділіктің төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуінің тікелей салдары болып табылады.

  • — Айтқандай, биылғы жылдың қалған кезеңінде де халықтың нақты кірістерінің төмендеуі жалғаса беруі мүмкін. Соған байланысты негізгі құралдарға салынған инвестициялар қысқарып, ЖІӨ-нің 78% -ын (2019 жылдың есебі бойынша) құрайтын ішкі тұтыныс (үй шаруашылығының тұтынысы және жалпы негізгі капиталды қалыптастыру) көлемі де айтарлықтай шектелуі ықтимал, деп жазды Олжас Төлеуов.

Демек, оның пікірінше, еліміздің ЖІӨ көрсеткішін қалпына келтіру сыртқы сұраныстың төмендеуімен ғана емес, сонымен қатар ішкі сұраныстың әлсіздігімен де байланыстырылады.

  • — Сонымен қатар, ішкі сұраныстың төмендеуі импорт тауарлар мен қызметтерге деген сұраныстың да төмендеуін көрсетеді бұл, атап айтқанда, сауда балансының және тұтастай алғанда Қазақстанның төлем балансының барлық ағымдағы шоты үшін оң жағынан келетін фактор болып табылады. Бұл, өз кезегінде, теңгенің айырбас бағамының негізгі факторларының жақсаруына ықпал етеді. Сонымен қатар, ішкі сұраныстың әлсіреуі дезинфляция факторы немесе тұтыну бағасының өсуін бәсеңдету рөлін атқарады, — деп қорытындылады сөзін Олжас Төлеуов.

«Ашық көздерден»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button