КАРАНТИН: Теңіздегі қызметкерлердің жайы қалай?
Аtr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Атыраудағы арнайы штабтың хабарлауынша, Теңіз вахталық қалашығындағы «Ватернас» мекемесінің жатақханасында екі апталық карантин режимі енгізілген.
«Кентек» компаниясының 200 шақты қызметкері барлық сауалдарына басшылық тарапынан толықтай жауап алғанын айтады «Аспан Кашаган» ЖШС-нің жоба менеджері Әсем Ахметова.
Күн сайын карантиндік нысанның тұрғын блоктарына курьерлермен бірінші маңыздағы тауарлар жеткізілуде.
Медициналық маскалар да, қорғану құралдары да жеткілікті. Вахталық ауылда екі дәрігер мен фельдшер және санитарлық дәрігер бар. Тамақтар бөлмелерге бір реттік ыдыста әкелінеді. Бұл бағытта барлық мәселелер шешімін тапқан.
Бұған қажеттінің бәрі бар. Әр бөлмеге санитайзер қойылған. Тағы да қосымша түсінік жұмыстары жүргізіледі деп сендірді мұндағы жауапты мамандар.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ