
ЖаңалықтарҚоғам
Карантин тәртібін бұзғандардың есімі БАҚ-та жарияланады
«Қызыл» жəне «сары» мəртебесіне қарамай қоғамдық орындарға баратын адамдарға қатысты шаралар қатаңдатылады.
Алдағы уақытта «қызыл» мəртебесі бар болса да, карантин ережесін елемей жүргендердің аты-жөні бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Сондай-ақ «Ashyq»-тың ауқымын кеңейту көзделіп отыр. Енді бағдарламаға кіруге ниет білдірген кəсіпкерлерге қойылатын талаптар жеңілдейді.
Сонымен қатар вакциналау туралы жалған құжат жасайтындардың жолын кесу үшін арнайы топ құрылады.