Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Карантин режимі басталғалы Атырауда қылмыс азайған

Аtr.kz/18 сәуір, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинге хабарлады.​

«Атырауда қазіргі кезде қылмыс деңгейі төмендеді. Бүгінгі уақытта 102 операторына түнгі тыныштықты бұзу, жанұялық жанжалға байланысты қоңыраулар көп түсуде» деп атап өтті спикер Әлібек Қайыров.​

Еске сала кетелік, карантин режимін сақтау мақсатында бүгінде Атырауда полиция құрамымен бірге, әскери бөлімдер, ​ денсаулық сақтау саласымен бірлескен жұмыс жүруде.

Атырау қаласында және Теңіз кенішінде барлығы 8 блок -бекеттер жұмыс жасап жатыр. Шектеу бекеттері жұмысына қосымша дрон қондырғылары пайдаланылуда.

Баян Жанұзақова​

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button