КАРАНТИН: Атыраудағы шектеу шараларының толық нұсқасы жарияланды
Аtr.kz/16 сәуір, 2020 жыл. Атырау облысы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және (COVID-19) короновирустық инфекциясының таралуына жол бермеу туралы іс-шаралары.
Мен, Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мұсағалиев Темірбек Сарымұлы, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 21-бабы 13-тармағының 4 тармақшасына және 148-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» №306 қаулысына және Атырау облысы тұрғындарының арасында (COVID-19) короновирустық инфекцияның таралуын ескерту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Атырауда қаласында карантин және шектеу шаралары 2020 жылғы 1 мамыр сағат 07.00-ге дейін ұзартылсын;
2. Карантин уақытында тоқтатылсын:
2.1. Атырау облысындағы төтенше жағдай кезінде қабылданған іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыс тобымен келісілген (әрі қарай – Жұмыс тобы) ұйымдардан басқа барлық ұйымдардың іс-әрекеті (меншік түріне қарамастан);
2.2. Сағат 21:00-ден 06:00-ге дейін облыс және қала әкімдіктері, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, авариялық-құтқару және төтенше жағдайлар қызметкерлерін, сондай-ақ, стратегиялық объектілердің және өмірлік қамсыздандыру объектілерінің өндірістік процестерінде қызмет ететін мамандар, олардың отбасы мүшелері мен бөтен тұлғаны қоспағанда (қызметтік куәлігі мен жұмыс орнынан анықтама көрсеткен жағдайда), Атырау қаласында жеке азаматтар мен олардың көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынады.
2.3. Қоғамдық орындардың қызметіне: парктер, скверлер, жағалаулар, көшедегі балалар ойын алаңы және азаматтардың басқа демалу орындары.
3. Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынады (оның ішінде жаяу жүруге де); Атырау облысындағы төтенше жағдай кезінде қабылданған іс-шараларды орындау жөніндегі жұмыс тобымен келісілген ұйымдардан басқа, барлық ұйымдардың барлық көлік түрлеріне.
4. Атырау қаласының әкімдігіне, жергілікті атқару, құқық қорғау және арнаулы органдардың шектеудің орындалуы мен қадағалуды қамтамасыз ету үшін:
1) қоғамдық көліктің, оған қоса такси қызметінің қозғалысын шектеу;
2) қызметі карантиндік объектілерге қатысты және жұмыс тобымен келісілген объектілердің, медициналық қызметкерлердің демалуына арналған объектілерді қоспағанда, қонақ үй, отель, хостел, жатақхана, санатория, демалу үйлері меншік түріне қарамастан қызметі шектеледі;
3) карантин кезінде қоғамдық орындарға: парктерге, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға, көшедегі ойын алаңдарына және азаматтардың басқа демалыс орындарына баруға тыйым салынады;
4) азаматтардың қозғалысы сағат 06:00-ден 20:00-ге дейін жұмысқа баруға, азық-түлік, дәрі-дәрмек алуға, бірінші қажеттіліктердегі заттарды алу үшін өзі тұратын аумақта қозғалуына, медициналық көмекке шұғыл жағдайда қаралуға рұқсат етіледі.
Қозғалыс кезінде бетперде тағу, антисептикпен өңделген бір реттік қолғап кию.
Жасы 65-тен жоғары тұлғаларға пәтер мен үйлерден себепсіз шықпау;
5) көпшілік іс-шаралардың өткізуіне тыйым салу (мерекелік, спорттық, мәдени көпшілік іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б. өткізу), оның ішінде үй жағдайында отбасылық іс-шара өткізу;
6) медициналық көрсетілімдері бар тұлғаларды қоспағанда COVID-19 қатты таралған елдерге халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс-шаралар үшін баруға тыйым салу.
Азаматқа шетелге емделуге шығу үшін екі адамнан аспайтын қолдаушысы бар және сәйкес құжаттары болуы тиіс (территориалдық амбулаторлы-емханалық ұйымдарының дәрігерлік консультациялық комиссиясының қорытындысы, шетел медициналық ұйымының емделу үшін жазған хат-шақыртулары, нотариальдық куәландырылған аударыммен);
7) тұрғындардың өмірлік қажеттілігін қамтитын ұйымдардың қызметкерлерін, сондай-ақ, медициналық көрсетілімдері бар тұлғаларды, стационарлық жағдайда емделетін тұлғаларды, карантиндік және провизорлық стационарларда емделушілерді карантин енгізілген кезеңді қоспағанда, аудан, қала тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады.
Карантин жарияланған кезеңнен бастап азаматқа медициналық көрсетілімдерімен қала/аудан аумағына шығу үшін екі адамнан аспайтын қолдаушысы және сәйкес құжаттары болуы тиіс (территориалдық амбулаторлы-емханалық ұйымдарының дәрігерлік консультациялық комиссиясының қорытындысы, карантиндік аймақта орналасқан медициналық ұйымның диагнозды және жедел арада емдеуді көрсете отырып жазған хабар-шақыртулары, оған бірінші басшы қол қоюы тиіс және елтаңбалық мөртаңбамен бекітілуі керек);
8) медициналық ұйымдарда және қартайған, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған, балалар үйінде, сәбилер үйінде, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернаттық типтегі оқу орындарына арналған орындарда дәрігерлік-әлеуметтік объектілерде санитарлы-дезинфекциялық режимді сақтау;
9) азық-түлік сауда орындарында, дәріханаларда санитарлық дезинфекциялық режимді күшейту, қолды өңдейтін санитайзерлер орнату, жоғарғы бетті күніне екі реттен кем емес өңдеу, дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалық жұмыстар жүргізу, желдету);
10) әр рейс сайын қоғамдық көліктерді, әуежайларды, темір жол және автовокзалдарды, супермаркеттерді, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне екі реттен кем емес), спорттық жабдықтарды, балалар және спор алаңдарын, банкоматтарды, көше орындықтарын, банк терминалдарын, POS-терминалдарды дезинфекциялық және жуғыш құралдармен өңдеу;
11) темір жол және автовокзал, автокөлік жолдары және базар территориясына жақын жатқан алаңдарды, скверлерді, парктерді, жер үсті жаяу жүргіншілерге арналған өткелдерді жуғыш құралдарды қолдана отырып өңдеу;
12) жеміс-жидек және көкөніс дақылдарын қоспағанда азық-түлік тағамдарын қорапталған күйде сату;
13) тұрғындарға сауда объектілерінде, қоғамдық тамақтану орындарында қызмет көрсетуді бір ауысымда екі рет ауыстырылып киетін бір реттік қолғаптар қолдана отырып қызмет көрсету (сатушылар, аспазшылар, кассирлер және азық-түлік тағамдарымен тағыз қарым-қатынас жасайтын басқа да қызметкерлер);
14) мейрамхана, кафе, бар, асхана және басқа қоғамдық тамақтану объектілеріне тек қана клиентке дейін жеткізу приципін қолдана отырып, жұмысына рұқсат беру (сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін);
15) білім беру ұйымдарын қашықтан оқытуға көшіру (техникалық мүмкіндікті пайдалана отырып, жедел көшуді қамтамасыз ету), оның ішінде барлық білім бағалау түрлерін өткізу;
16) меншік түріне қарамастан мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмысын тоқтату;
17) дәрігерлік-әлеуметтік мекемелерде сүзгі режимін енгізу;
18) подъездерде, жеделсатыларда профилактикалық дезинфекциялық және ылғалды тазалық жұмыстарын күніне екі реттен кем емес жүргізуді қатамасыз ету;
19) «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімшесін подъездерді, жеделсатыларды, тұрғын үйлерді және жалпыға ортақ қолданатын орындарды өңдеуге жұмылдыру;
20) Блок-посттарда тепловизорларға инвентаризация жүргізу және дене термометрациясы үшін қолданып, басқа мақсаттарға тыйым салу;
5. Аудан әкімдеріне:
осы қаулының 4 пунктінің 3)-20) тармақшасына сай шектеу шараларының енуін және орындалуын қамтамасыз ету.
6. Атырау облыстық полиция департаментіне:
1) Атырау облысының денсаулық сақтау басқарамасымен, «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысымен бірлесіп, Атырау қаласының шекараларында қажетті коммуникациялық жағдайды туғыза отырып және жеке қорғану құралдарымен қамти отырып блок-бекеттерін ұйымдастыру;
2) шектеу шараларын қамтамасыз ету мақсатында патрульдік шараларды күшейту;
3) қоғамдық орындарды және көшелерді патрульдеу кезінде тұғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу, шектеу кезінде азаматтардың қоғамдық орындарда қозғалысының мақсатын тексеру, оның ішінде жұмыс тобының мәліметтерімен біріктірілген қызметтік планшеттерді қолдану;
4) отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан асатын топтардағы адамдардың қозғалысына, сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ересектерсіз жүруін болдырмау;
5) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандарды іздеу және карантинге орналастыру бойынша іс-шараларына қатысу;
6) карантиндік және шектеу шараларының бұзушылықтары анықталған кезде өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша дереу шаралар қабылдауды, сондай-ақ, профилактикалық мақсаттарда осы фактілерді бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін;
7) карантиндік аймақтың оқшаулануын, жаяу жүргіншілердің қалаға кіруіне, сондай-ақ, барлық көлік құралдарының рұқсатсыз кіруіне жол бермеуді қамтамасыз етсін;
8) сыбыстар мен арандатушылық ақпараттардың жолын кесу жөніндегі жұмыстарды ерекше бақылауға алады, фактілер анықталған жағдайда кінәлілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапқа тарту үшін дереу шаралар қабылдайды және қауесет пен арандатушылық ақпаратты одан әрі таратуды тоқтатады;
9) азаматтардың көше бойымен жүру құқығынсыз үйдегі карантин режимін сақтауын бақылау;
10) СOVID-19 вирусымен ауырғандармен байланыста болғандар орналастырылған провизорлық және карантиндік стационарлардың күзетін қамтамасыз ету;
7. Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасына:
1) медициналық ұйымдарға науқастарды жоспарлы түрде госпитализациялауды шектеу;
2) денсаулық сақтау ұйымдарында барлық пациент ағынының дене температурасын өлшеу үшін тепловизорлармен қамтамасыз ету шлюздерін ұйымдастыру;
3) шлюз қызметкерлерін жеке қорғаныш құралдарымен қаматамасыз ету (медициналық халат, бетперде, қолғап, қорғаныш экран, баскиім);
4) барлық денсаулық сақтау ұйымдарында СOVID-19 вирусына экспресс-тест жүргізу үшін арнайы бөлме бөліп, құралдармен қамтамасыз ету;
5) медициналық жедел жәрдем бригадасын СOVID-19 экпресс-тестімен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
6) жедел респираторлық вирустық инфекциямен және жоғары температурамен түскен пациенттерді бөлек қабылдауды қамтамасыз ету;
7) медициналық мекемелерде сүзгі режимін енгізу;
8) денсаулық сақтау ұйымдарында санитарлық-дезинфекция және эпидемияға қарсы режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету;
9) карантиндік стационарларда персоналдың қорғану шараларын сақтауды қамтамасыз ету;
10) орта және ауыр дәрежеде жедел респираторлық вирустық инфекциясымен ауырғандарды қабылдау және госпитализациялау арнайы бөлімдерін ашып көрсету;
11) пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын жинақтауды және жоюды орталықтандыру;
12) қашықтан қызмет көрсету форматына алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының дәрігерлерін қабылдауды, сондай-ақ, онлайн режимінде немесе рецепттерді үйге жеткізу.
8. Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмектерді, қоғамдық тамақтандыруды сату объектілері бар ұйымдар, кәсіпкерлік субъектілері, үкіметтік емес ұйымдар:
1) қызметі тоқтатылмаған ұйым басшыларына қызметкерлерін максималды қашықтан жұмыс жасауға ауыстыру, қызметкерлер персоналын үйлеріне жеткізуді тек қана қызметтік автокөлікпен қамтамасыз ету, жеке көлік құралдарын өндіріс объектілеріне тағам тасымалдауға тыйым салу;
2) әр 2-3 сағат сайын дезинфекциялық және жуғыш заттарды қолдана отырып ылғалды тазалау жүргізу;
3) ғимараттардағы жабдықтау мен шығатын желдетуді тексеру және тазарту;
4) жұмысшылар мен келушілердің байланыссыз термометриямен және тыныс алу органдарының аурулары белгілерінің болуын тексеруді қамтамасыз ету;
5) сатушылар мен басқа жұмысшылардың келушілермен әр екі сағат сайын өзгеріп тұратын қорғаныш бетперделермен, қорғаныш көзілдіріктермен және резеңке қолғаптармен жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
6) келушілерді нысандарға тек медициналық бетпердемен жіберуге;
7) дүкендерде, супермаркеттерде және сауда үйлерінде барлық кассалардың алдында сатып алушылардың қозғалысын 2 метрден кем емес шектеу, кезектер жасау кезінде объектілерді үй-жайларына өткізу қабілетін ескере отырып, кезекпен адамдарды кіргізуді қамтамасыз ету;
8) қашықтықты сақтау үшін өткелдерде таңбаларды орналастыруды қамтамасыз ету;
9) шаруашылық субъектілеріне азық-түлік пен қажетті тауарларды үйде жеткізуді ұйымдастырумен тауарларды ғаламтор арқылы сату үшін интернет-ресурстарды барынша пайдалануды ұсыну;
9. Атырау облыстық ішкі саясат басқармасына:
коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша Атырау қаласында карантин және Атырау облысы аумағында шектеу іс-шаралары режимін сақтау жөнінде жадынамалар, хабарландырулар, инфографикалар, бейнероликтер мен жүгіртпе жолдарды және т.б. тарату арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етсін.
- Облыстың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындар басшыларына (электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және басқалар), Атырау облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына:
1) су тасқыны кезеңін ескере отырып, қалалық шаруашылық-ауыз су құбырында ауыз суды залалсыздандыру жөніндегі іс-шараларды күшейтсін;
2) су құбыры мен кәріз желілері мен құрылыстарындағы апаттарды уақытында жоюды және кейіннен жүргізілген іс-шараларды, оның ішінде зертханалық жұмысты қамтамасыз ету;
3) қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен (бетперделермен) қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер шегінде қызметкерлердің қозғалысын шектеу, олардың бір-бірімен жақын қарым-қатынасын болдырмау;
4) жалпы пайдалану орындарында дезинфекциялық режимді күшейту;
5) бақылау-өткізу пункттері мен өту жолдарында келген қызметкерлерді байланыссыз термометриямен тексеруге және респираторлық аурулар симптомдарының болуын бақылауды қамтамасыз етуге міндетті. - «Қазпошта» АҚ-ның филиалына:
тұрғындарға қызмет көрсететін қызметкерлерді бір реттік қолғаптармен және бетперделермен қамтамасыз ету, пошталық корреспонденциямен (хат, сәлемдеме) байланысты қызметтерді жеке қорғаныш құралдарымен жүргізу (халат, бетперде, қолғап). - Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне:
Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және аса қауіпті инфекциялық аурулар ғылыми орталығының Атырау филиалының қозғалмалы лобораториясын ПЦР диагностика үшін тарту (Атырау обаға қарсы күрес станциясы); - Атырау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен оның аумақтық басқармаларының басшылары қамтамасыз етсін:
1) карантиндегі стационарлар мен объектілерде санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды күшейту;
2) бекітілген аумақта, халықтың жаппай жиналатын объектілерінде санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау;
3) әрқашан бақылауға жататын тәуекел тобындағы объектілерді анықтау;
4) тәуекел тобындағы объектілерге нұсқама беру;
5) қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға сәйкес эпидемияға қарсы шаралардың жедел жоспарын жаңартып отыру;
6) медициналық және әлеуметтік мекемелердің жұмыс істеп тұрған объектілерінде сүзгі жүргізуді бақылау үшін мобильдік топ ұйымдастыру;
7) карантиндік стационарларда медициналық қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіз тамақтануына бақылау қою;
8) медициналық ұйымдарда қозғалу кезінде жеке қорғаныш құралдарының және дезинфекциялық құралдардың бар-жоқтығына, қозғалысына мониторинг жасауды ұйымдастыру; - Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволарға жеткізілсін, халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
- Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жыл 1 сәуірдегі №14, 2020 жыл 6 сәуірдегі №23, 2020 жыл 9 сәуірдегі №27 «Атырау облысының аумағында қосымша шектеу іс-шараларын, оның ішінде халықтың өмірі мен (немесе) өзге де қызметіне тұрмыстық ерекше жағдайларын енгізу туралы» 2020 жыл 29 наурыздағы қаулысының күші жойылды деп танылсын.
- Осы Қаулының 2 тармағының 2.1 тармақшасының талабы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың 2020 жылдың 17 сәуірі сағат 00.00-ден бастап орындауы үшін міндетті.
- Осы Қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Т.Мұсағалиев