Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

КАРАНТИН: Атырауда базар мен сауда үйлері заңсыз жұмыс істеген

Аtr.kz/11 мамыр, 2020 жыл. Атырауда ТЖ кезінде екі сауда үйі мен базар заңсыз жұмыс істеген Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб мамандары  сауда нысандарына рейд жүргізді.

 Санитарлық нормалардың сақталуын қадағалау үшін  дүкендер, дәріханалар, сұлулық салондары, алкомаркеттер мен супермаркеттер тексерілді. 

Жедел штаб мәліметінше, рейд жұмысы кезінде  жүзге жуық сауда нысаны мен  шағын кәсіпорындар тексеріліп, 30-ға жуық заң бұзушылық анықталған.

— Атап айтқанда,  «Балықшы» базары мен «Дәулет», «Жайық» сауда үйлері  заңсыз жұмыс істеген.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес,  олардың қызметі тоқтатылды, — дейді жедел штаб өкілі Әли Ағжанов.

Сондай-ақ,  тексеріс барысында дүкендер, супермаркеттер мен сауда орталықтарының иелері облыстың Бас санитарлық дәрігерінің санитарлық талаптарын сақтамағаны белгілі болды: сатушылар мен сатып алушыларда медициналық маска мен арнайы қолғаптың киілмейтіндігі,  сатып алушылар арасындағы қашықтықтың сақталмайтындығы анықталды.

—    Сұлулық салондарында шаштараздан бөлек, маникюр және педикюр бөлмелері жұмыс істейді, — деді Әли Ағжанов.

Айта кетейік, мұндай рейдтер Атырау қаласында карантин режимінің жалғасуына орай әлі де  жүргізілетін болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button