Жарнама
Жаңалықтар

Карантин: Атырау облысының бас имамы мешіттерде қандай жағдайда намаз оқуға болатынын айтты

Алтынбек Ұтысханұлы Атырау мешіттеріндегі ұжымдық намаздарға шектеу қойылу себебін түсіндірді.

Індеттің таралуы күшеюі себепті, сақтық шаралары да қатаңдатылуы керек. «Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

«Кезінде мұндай ауыр індеттер тарихта болған. Бұл туралы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) «оба болған жерге бармаңдар. Егер, оба шыққан жерде болсаңыз, сол жерде қалыңдар» деп өсиет еткен. Демек, індет болған жерде сақтық шаралары да болуы керек.  

Сол себепті, індеттің күшеюіне байланысты, ұжымдық намазға уақытша шектеу қойылып отыр.

Былтыр мешіттеріміз түбегейлі жабық болған уақыт та болды. Кейін ауру сәл сейілген кезде мешіттеріміз қайта ашылды. Бес уақыт намазға, жұма намазына, тіпті, Айт намазына рұқсат берілді. Қазір ауру күшейіп, науқастарды емдейтін ауруханаларда орын болмай жатыр.

«Базар ашық, бес уақыт намазды неге жамағатпен оқымаймыз» деп сұрақ қойып жатқандар да бар. Базар ашық тұрса, азық-түліксіз өмір сүре алмайтынымыз түсінікті. Ал, намазды үйде оқуға мүмкіндік бар.

Десе де, жұмыс күндері намазды маскалық режимді сақтай отырып, мешіттерде жеке оқуға мүмкіндік барын жеткізгіміз келеді. Ал, сенбі, жексенбі күндері мешіт жабық» деп нақтылады Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button