
ЖаңалықтарСпорт
Канвон-2024: Қазақстандық спортшы шорт-тректен қола жүлде алды
Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында өтіп жатқан IV қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында шорт-тректен финалда бақ сынаған Полина Омельчук 3-орынға ие болды.
Ойын қорытындысы төмендегідей болды:
Ли Жинзи (Қытай) — 1:40.803
Янг Жингру (Қытай) — 1:40.996
Полина Омельчук (Қазақстан) — 1:41:600
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Олимпиаданың 2 күнгі қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 1 алтын, 1 қола жүлде бар.
El.kz