Жаңалықтар
ҚАМДАНҒАН ҚАПЫ БОЛМАЙДЫ
Тарқатып айтсақ, бір ғана Атырау қаласы аумағындағы шаруа қожалықтарының бағымындағы 1272 мүйізді ірі қара, 545 жылқы, 1731 қой-ешкі және 846 түйе 58 орында қыстатылуда. Сол сияқты, төрт түлік мал облыс орталығынан шалғайдағы Қызылқоға ауданында 206, Индерде 203, Исатайда 183, Жылыойда 155 орында қыстақтан өткізілуде. Қалған Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында мал қыстатылатын орындардың саны тиісінше 37, 25 және 4-ті құрайды. Алдын ала қамданудың нәтижесінде, осынша малға қажетті азық қоры да жеткілікті дайындалып, қыстақ бастарына жайғастырылыпты.
Дәулетқали Латифұлы.