Жарнама
Жаңалықтар

Кадрлық резервке іріктеудің тәртібі түсіндірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ерлан Ермаханбетов Махамбет ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаевпен бірге аудан активі қатысқан жиын өткізді. Жиында мемлекеттік қызмет саласындағы жаңашылдықтарға және нормативті құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер туралы әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ, МБА-ның Атырау облысы бойынша филиал директоры Еркебулан Ғабдығапаров мемлекеттік органдардың қажеттіліктеріне өзара тығыз байланыста білімін, дағдылары мен икемділігін үздіксіз арттыру мақсатында Академияда білімін шыңдауға шақырды.

Бұдан бөлек, Әдеп жөніндегі уәкіл Фарида Ахметова мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандарттарын сақтай отырып, халық алдында мінсіз бейнені қалыптастыру қажеттігіне тоқталса, департамент басшысы іссапар кезінде жеке қабылдау өткізіп, азаматтардан келіп түскен сауалдарды жеке-жеке қарастырды.

Ерлан Ермаханбетов ауданның жас белсенділерімен де кездесіп, облысымызда алғаш рет өткізілетін Өңірлік кадрлық резервке іріктеудің тәртібі мен талаптарын баяндап, талантты жастарды оған белсене қатысуға шақырды.

Жалпы, іріктеуге 35 жастан аспаған, жоғары білімді, 3 жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады. Ал кандидаттардың құжаттарын қабылдау 1–31 наурыз аралығында onir.pkrezerv.gov.kz. сайтында жүзеге асырылады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button