Жарнама
Жаңалықтар

ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА – ҚҰРМЕТ

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, сала ардагерлері мен жұртшылық өкілдері шақырылған салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев сөз алып, кәсіби мереке иелерін аймақ басшысы атынан құттықтады. Ол бір топ үздік құтқарушыға облыс әкімінің Алғыс хатын табыс етті.

Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев жиналғандарды Азаматтық қорғаныс қызметінің 20 жылдығымен құттықтап, халықты және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан құтқарудағы қызметтеріне өз ризашылығын білдіріп, сала озаттарына Алғыс хаттар мен ескерткіш сыйлықтарын ұсынды.

Өздерінің қызметтік міндеттерін атқарудағы ерекше көзге түскен қызметкерлер мен ТЖ саласы ардагерлері облыс әкімінің орынбасары С.Нақпаев пен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы С.Өмірзақовтың қолынан ҚР Ішкі істер министрлігінің мерекелік медальдарын алды. Сондай-ақ, аталмыш мереке аясында ұйымдастырылған шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары да, департаментпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын БАҚ өкілдері де мақтау-марапаттан кенде қалмады.

Салтанатты жиын кәсіби мереке иелерінің қатысуымен дайындалған концерттік бағдарламаға ұласты.

Бақытжан ХАМИТҰЛЫ.

Суретті түсірген Е.АЛТЫБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button