Жарнама
Жаңалықтар

Кәсіподақ көмекке келеді

Өткен жылы Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің жергілікті өкілдігіне жұмысшылардан 25 шағым түскен. Оның 21-і «Атырау облысы Кәсіподақтар Орталығы тарапынан шешіліп, төртеуі сот тәртібімен қаралған екен. Ал, есепті мерзімде тіркелген шағым саны 24-ке жетіп отыр. Бұл еңбекші халықтың кәсіподақтарға деген сенімінің артқанын көрсетеді.

Күнделікті тәжірибе көрсеткеніндей, еңбек дауы негізінен заңсыз жұмыстан шығару, жалақы төлеудегі кемшіліктер, еңбек жағдайын жасай алмау сияқты кемшіліктерден барып өршиді екен. Сөзіміз дәйектірек шығуы үшін, сала мамандарына сөз береміз.

 

Еділ СӘРСЕНҒАЛИҰЛЫ,

Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі

«Атырау облысы Кәсіподақтар

Орталығының» заңгері:

Өндіріс  саласында  мәселе  көп

«Еңбек кодексіне» енгізілген өзгерістерден  кейін кәсіподаққа деген сенім артып келеді. Десе де, жұмысшылардың көпшілігі басшылық тарапынан қудалауға түсуден қауіптеніп, кәсіподаққа жүгінуден қорқақтайды. Бұл жерде мынаны түсіну керек. Кәсіподақтардың мақсатыбіреуді соттау не жазалау емес, заңсыздықтарды өзара келісім арқылы жою.

Қазақстандық кәсіподақтар әлемдік тәжірибенің озық үлгілерін басшылыққа алуда. Қазіргі таңда үш адам бірігіп кәсіподақ құра алады. Мұның өзі қазақстандық заңнаманың артықшылығын білдіреді.

Тәжірибе еңбек дауларының негізінен өндірістік мекемелерде орын алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, ТШО, НКОК компаниялары әлеуметтік саясатта нақты жүйені жолға қойғанымен, мердігер компаниялар оны көп жағдайда сақтай бермейді. Отандық компаниялардың арасында да мұндай проблемалар бар.

 

Cерікқали БИСАҚАЕВ,

Еңбекті қорғау жөніндегі ғылымизерттеу

институтының Бас директоры:

Консенсусқа  қол  жеткіздік

«Еңбек кодексіне» енгізілген өзгерістер кәсіподақтардың қоғамдық бақылаушы ретіндегі рөлін күшейтті. Басты жетістігіміз – жаңа заң еңбек дауларының  соттың араласуынсыз шешілуіне мүмкіндік беріп отырғандығы. Яғни, жекелеген немесе ұжымдық дау туындаған жағдайда, бастамашы тарапқа сотқа арызданбас бұрын, келісім комиссиясының алдынан өту міндеттелді.

 

Баян Жанұзақова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button