Кәсіпкерлік – өмір талабы

К с¦пкерл¦к Ц м¦р талабы 1 Жаңалықтар

Елбасы Жолдауында айқындалған  стратегиялық мақсаттың бiрi – елдiң iшкi жалпы өнiмiндегi шағын және орта бизнестiң үлесi 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету.

К__с¦пкерл¦к Ц __м¦р талабы

Әсіресе, кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгi аясын кеңейту зор мүмкiндiк бередi. Бұл жерде әңгiме бiрқатар мемлекеттiк қызметтер көрсету мiндетiн бизнеске беру iсiне қатысты болып отырғаны айқын. Өйткені, кәсіпкерлік  өмір талабына айналып отыр. Сол себептен,  елімізде шағын  және  орта бизнестің  өркендеуіне  қолдау көрсетіліп келеді.  Олардың  жұмысын  негізсіз  тексеру  де реттелді.

Мұның оңды  нышанын  Қызылқоға ауданынан да байқауға болады. Қазір ауданда шағын және орта кәсіпкерлік саласы  бойынша тіркелген субъектілер саны  1254-ке жетті. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 12 пайызға өсті. Жыл өткен сайын аудан кәсіпкерлері халық сұранысына сәйкес жаңа қызмет көрсету түрлерін көптеп ашуда. Олардың саны 313-ті құрайды. Тек өткен жылы жалпы көлемі 3,5 мың шаршы метрлік 24 кәсіпкерлік нысаны іске қосылып, жаңадан 55 жұмыс орны ашылды.

Қазіргі жаһандану заманында аграрлық сектордың дамуына да мән беріліп отыр. Еліміздегі агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орай ауылдардағы жанұялық бизнестерге мемлекеттік қолдау көрсетілуде. Бұған 54 құрылтайшымен «Бірлік-Миялы» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің құрылуы айқын дәлел.  Осында 48 адам 166 млн. теңге несие алып, жұмыстарын бастады. Болашақта шикізатпен қамтамасыз ететін кәсіпорындардың үлес салмағы еселеп артады деген үміттеміз.

Жалпы, қызылқоғалық кәсіпкерлер өткен жылы 2,9 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, қызметін көрсетті. Енді Елбасының  Жолдауында «Бұдан былай Қазақстан  азаматтары  өз бизнесін жүргізу  үшін ауылда  да, қалада да  16 миллион  теңгеге  дейін шағын  несие ала алады» дегені  кәсіпкерлер  қатарының  молаятынына  ықпал етері  даусыз. Бұған кәсіпкерлердің осы кезге дейін  дамыған елдердің  озық  технологияларын  енгізуге  ұмтылысы  дәлел болмақ.

Қазір аудан кәсіпкерлері  халық тұтынатын  сан алуан  өнімдер шығарады.  Сапасы да, бағасы да тұтынушы  көңілінен  шығып отыр. Мұндай  бетбұрыс  ең шалғайдағы  ауданның әр  округінде  бар. Бұрын  кәсіпкерлікке  бет бұрушылар  өз ісін  бастау үшін  бастапқы  капитал  қажеттігінен  қиналушы еді. Осындай  сәтте  олар  мемлекеттің  қолдауына  жүгінетін  болды.

Әсіресе,  ауыл  агроөнеркәсіпті  қолдау  бағдарламасының  жемісін көре  бастады.  Елбасының  осы саланы  өркендетуді  экономиканың  драйверіне  айналдыруды  көздегенін  құптаған  кәсіпкерлер  ауыл шаруашылығын  дамытуға да ынта танытуда.

Зинеш САРБӨПИЕВА,

Қызылқоға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз