«Qamqor» мобилдік қосымшасы іске қосылды

photo 211526 Жаңалықтар

ҚР құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кәсіпкерлерге көмекші құрал «Qamqor» мобилдік қосымшасын іске қосты.

20170331_11_46_12_79366

Жаңа жобаның кәсіпкерлерге көмегі көп болмақшы. Егер оларға қатысты тексеру тағайындалатын болса, кәсіпкердің мобилдік телефонына «Сізді тексеруге келеді» мазмұнында хабарлама түседі. Іскер адам аталған қосымшадан тексеруге қатысушы тұлғаларды, тексеру мерзімін, құқықтық негіздерді,  тексеру сұрағын біле алады. Бұдан әрі, қолданушыға тексерушілер тарапынан тексеруге дейінгі немесе тексеру кезінде орын алған заң бұзушылықтарды хабарлама ретінде жолдауға мүмкіндігі бар.

Жолданған хабарламалар комитеттің аумақтық басқармаларына келіп түседі және бұл хабарламалар бойынша нақты жауап беріледі. Сондай-ақ, кәсіпкер сол жерден тікелей желі арқылы сұрақ қойып, сол бойда жауабын ала алады.

Аталған мобилдік қосымшаны кез-келген қолданушы өз телефондарына жүктеп алуга және оның мүмкіндіктерін қолдануға  болады.

Сәуле ТӨЛЕГЕНОВА,

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының бөлім бастығы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз