Жаңалықтар
ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР МЕН ҚАЛА ҚОНАҚТАРЫ!
Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы аясында Салтанат сарайынан«Исатай –Махамбет» алаңына дейінгі аралықта «Президенттік шақырым» көпшілік –спорттық жүгіруі ұйымдастырылады.
Өтетін уақыты: 2015 жылғы 1 наурыз, сағат 11.00-де.
«Президенттік шақырымға» қатысушыларды тіркеу Достық үйінде жүргізіледі. Тіркелу уақыты: 2015 жылғы 12-23 ақпанға дейін, дүйсенбі – жұма күндері, сағат 09.00 –18.00 аралығында. Қатысушылардың жастарына шек қойылмайды.
Мекен-жайы: Атырау қаласы, Құлманов көшесі, 129. Байланыс телефондары: 21 00 37; 21 37 41; 21 00 27
Атыраулықтарды «Президенттік шақырымға»
белсенді қатысуға шақырамыз!
Ұйымдастыру алқасы.