Жарнама
Жаңалықтар

ҚҰРМЕТТІ АТЫРАУЛЫҚТАР, ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Наурызды халқымыз еңсесі биік елдіктің, қанға біткен ерліктің, іргесі сөгілмес бірліктің, берекелі тірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі деп атаған. Бұл күнді жұрт ақ тілеудің, пәк пейілдің күні деп,  бір-біріне жақсысын ұсынып, ақ сақалды аталар батасын берген.

Өткен жылды ой елегінен өткізсек, еліміздің әлеуеті мен қуаты еселеп артты, өркениетті бастамалар дәстүрімізбен сабақтасып, әлем көшіндегі айбарымыз асқақтай түсті. Әсіресе, Елбасы Жолдауы болашаққа деген сенімді, кемел келешекке деген нақты бағытты айқындап берді.

Биылғы жыл да – қазақстандықтар үшін өте жауапты жыл. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Президент сайлауы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямызға – 20 жыл сияқты өте маңызды мерекелер жылы. Бұл тәуелсіз еліміздің мерейін өсіріп, ел еңсесін көтеретін игі қадамдар болары сөзсіз.

Баршаңызды Наурыз мерекесімен тағы да қызу құттықтап, елімізге бейбіт өмір, әр отбасына қуаныш, шадыман шаттық тілейміз.

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі мен Сенатының  Атырау аймағынан сайланған депутаттары.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button