Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазының керамзиті жоғары сұранысқа ие бола бастады

Осыдан екі жыл бұрын Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында іргесі қаланған   керамзит зауытының өнімдері бүгінде ішкі нарықтан өзінің лайықты орнын алып үлгерді.

Осы заманғы озық технологиямен жарақтандырылған кәсіпорын өнімдері аудан сұранысын толық қанағаттандырып қана қоймай, енді облыс орталығынан да тапсырыс ала бастады. Құрылыс саласы үшін арзан, әрі сапалы өнім өндіріп отырған керамзит зауыты екі жылдың ішінде аудан аумағын толық қамтып отыр. Зауыт басшылығының айтуынша, алда тұрған ендігі мақсат – кәсіпорын өрісін кеңейтіп, бүкіл мұнайлы аймақтың құрылыс нарығына шығу.

Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан бұл жобаның құны – 50 млн. теңге. Мұны кәсіпкер мемлекеттің қолдауы нәтижесінде 6,5 пайыздық жеңілдікпен алды. Зауыт мамандарының айтуынша, керамзит қиыршық тастары мен керамзит блогын шығару үшін құрылыс материалдарына қажетті шикізат Ақкөл ауылындағы табиғи қызыл топырақтан алынады. Кәсіпорын соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықталған. Тауарды бәсекеге қабілетті етіп шығару мақсатында өнім сапасын мамандар жіті бақылауда ұстайды.

Қазір зауыттағы екі цех толық қуатында жұмыс істеп тұр. Жылына 50 мың текше метр керамзит және 20 мың дана кірпіш шығарылады.  Керамзит өнімі жеңіл, әрі бойына жылу тартатындықтан тұрғын үйлердің едені мен шатырына төселеді. Зауыттың атқарушы директоры Қайыржан Қисамеденовтің сөзіне қарағанда, мұнда қазір қырыққа жуық адам үш ауысымда жұмыс жасайды. Өнімнің сапасы да  жақсы.  

Өз  тілшіміз.

Құрманғазы ауданы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button