Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көпірлер жабылып, қоғамдық көліктердің жүру бағыттары өзгереді

Атырау қаласындағы көпірлер уақытша жабылмақ. Бұл алдағы жөндеу жұмыстарының жүргізілуімен байланысты болып отыр. Осыған орай, қалалық әкімдіктегілер қоғамдық көліктердің жүру бағыттары да өзгеретіндігін хабарлайды.

foto-kөlіk-қozғalyisyi

26 және 27 тамыз күндері «Тамаша» сауда орталығы жанындағы жол айрығы жабылады. Сондықтан, №11, №21 бағытындағы көліктер Сәтбаев даңғылымен қозғалатын болады. Ал, 2-3 қыркүйек күндері «Тұрғын үй қалашығындағы» автокөлік жолы көпірі жабылады. Сәйкесінше, №№1, 30, 30 «А» маршруттары Сәтбаев және Азаттық көшелерімен жүреді.

9-10 қыркүйекте орталық көпірдегі көлік қозғалысына шектеу қойылады. Бұл ретте, №№1, 4, 7, 12, 14, 15, 20, 21, 30, 30 «А», 64 қоғамдық көліктері Сұлтан Бейбарыс даңғылындағы жол көпірімен қатынайды. Одан кейін, 16-17 қыркүйек күндері Балықшыдағы жол көпірі жабылады. Тиісінше, №30 «А» және №65 маршруттары «Авангард» ықшамауданы мен «Тұрғын үй қалашығын» жалғайтын көпірмен қозғалмақ.

Айналмалы жол көпірі де 23-24 қыркүйек аралығында жұмысын тоқтатады. Соған сәйкес, №№10, 55, 62 бағытындағы көліктерге Баймұханов көшесі арқылы «Мечников» көпірімен жүруге рұқсат етіледі. Ал, 30 қыркүйек күні «Нұрсая» ықшамауданындағы жол көпірі жабылып, №4 маршрут Т.Бигелдинов және Құрманғазы көшелерімен қатынайтын болады.

Амандық АБДОЛ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button