Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегі болады

Atr.kz/19 наурыз, 2019 жыл. ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналар үшін бөлек баспана кезегін құру мәселесі жайында айтты.

«Алтын Алқа» иегерлері жалпы кезекте тұрмайды. Қазір біз көпбалалы аналар үшін бөлек кезек жасау мәселесін көтеріп жатырмыз. Бірақ мұның бәрі бірден бола қоймайды. Қанша қаражат керек екенін, қанша пәтер салу қажет екенін қарауымыз керек, – деді Сапарбаев көпбалалы аналар мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналармен кездесу барысында.

Министр көпбалалы отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмектің тағы бір жаңалығын жариялады.

Baspana barsha a
  • «Атаулы әлеуметтік көмекке келсек, Мемлекет басшысы нақты тапсырма берді, бұрын отбасының әрбір мүшесіне табысты есептегенде ол ең төменгі күнкөрістің 50%-ы деңгейінде болса, енді оны 70%-ға көбейтеді. Егер бұрын 14 849 теңге болса, 1 сәуірден бастап оның көлемі 20 789 теңгеге көтеріледі.

Ал енді Астанада басқа өңірлермен салыстырғанда орташа жалақы жоғары, сондықтан 21 698 теңгеге дейін көтеріледі. Біздің болжамымыз бойынша осы шарамен кем дегенде 830 мың қазақстандық қамтылады. Ал Астанада кем дегенде 6 700-ге жуық, – деді Бердібек Сапарбаев.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button