Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Көп болып күресер індет

Қоғамда жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыру мақсатында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы шешімімен 2003 жылдан бері желтоқсанда Халықаралық жемқорлықпен күрес күні аталып өтіледі. Оның мақсаты  – сыбайлас жемқорлықтың проблемаларын және жемқорлықпен күресу мен оның алдын алуда Конвенцияның рөлін тереңінен түсіндіру.

1441190738_law-corruption

Осыған орай «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Атырау облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйытқы болуымен арнайы семинар болып өтті. Оған аталған департаменттің барлық құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

Семинар барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы бойынша департаментінің  бас маманы Ғ.Кенженов, Атырау облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Аслан Каримов, «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Алмас Шеркешбаев мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғалар мен оларға теңестірілген тұлғалар жасаған сыбайлас жемқорлық, этикалық стандарт және қызметтік этика нормаларын бұзушылық фактілері бойынша кеңінен түсінік берді.

Департамент тарапынан жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер саласында орын алатын  құқықбұзушылықтардың негізгі себебі – халыққа қызмет көрсету орталығы мен мемлекеттік органдар қызметкерлерінің біліктілігі төмендігін, сондай-ақ, араларындағы қарым-қатынастың жоқтығын көрсетті. Семинарға қатысушылар халыққа қызмет көрсету мәселелері бойынша өздерін толғандырып жүрген сауалдарға тиісті лауазымды тұлғалардан нақты жауап алды. Сондай-ақ, қатысушылар үшін мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы көкейкесті мәселелер бойынша слайд материалдары ұсынылды.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  Атырау облыстық жер кадастры жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Мұра Қаржауов мемлекеттік қызметшілер үшін пайдалы семинар өткізуге атсалысқан әріптестеріне ризашылығын білдірді.

Бақытжан Жұмат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button