Жаңалықтар
Күн 35 градусқа дейін ысиды
19-21 мамыр аралығында республика аумағында күн жылы әрі ашық болады. Ал еліміздің батысында ауа температурасы +35 градусқа дейін көтеріледі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері Қазақстан аумағы антициклон ықпалында болады. Соның әсерінен ауа райы жылы және жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
«Қазақстанның батысына Кіші Азия аймағынан ауа ағымдары ығысып, температура +30…+35 градусқа дейін жоғарылайды. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда сенбі-жексенбі күндері түнде суық болады. Алайда жексенбіде күндіз ауа температурасы +25+30 градусқа дейін күрт күрт көтеріледі», — делінген хабарламада.
Хорлан Смадияр